|
Қазақстан
Республикасы кеден органдарының
декларациясы
1.
Біз
мемлекетіміздің экономикалық, демократиялық, құқықтық
және әлеуметтік дамуына және құзыретіміздің
шегінде қоршаған табиғи ортаны сақтауды қамтамасыз
етуге жәрдемдесу ниетіміз туралы мәлімдейміз.
2.
Біз
кеден қызметтерінің сапасына және ұзақ мерзімді
мемлекеттік кеден саясатының нәтижесі ретінде нарықтық
экономикаға атсалысуға кепілдік береміз.
3.
Біз
өз қызметімізді Қазақстан, бүкіл әлем үшін
жүзеге асырамыз және кедендік ресімдеу бекеттерін бізге
бекітілген аумақтың шеңберінде сыртқы экономикалық
қызметке қатысушылар үшін қолайлы жерде ұйымдастырамыз.
4.
Біз
бізге жүгінген әрбір сыртқы экономикалық қызметке
қатысушыға барынша қолайлы, ең аз шығын жағдайында
және кедендік заңнаманы толық сақтай отырып жедел әрі
сапалы кедендік ресімдеуді жүргізуге кепілдік береміз.
5.
Біз
халықаралық талаптар мен стандарттарға жауап беретін
кедендік қызметтер көрсету үшін күресеміз.
6.
Біз
барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен
әріптестік және ынтымақтастық қатынастарына және
олармен рынокта дау-дамайсыз жұмыс істеуге кепілдік береміз.
7.
Біз
әріптестеріміз бен кәсіби және адал қатынастар орнатуға
кепілдік береміз және олардан да соны күтеміз.
8.
Біз
өз қызметімізді Қазақстанның гүлденуі үшін
жүзеге асыра отырып әлемдік экономикалық қытынастар жүйесіндегі
мемлекеттік экономиканың байланыстарын жандандыруға және
сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға мүдделіміз.
9.
Біз
сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кеден ісі
мәселелері бойынша сындарлы диалог жүргізу үшін ашық
боламыз.
10.
Біз
өз қызметкерлеріміз үшін жоғары сапалы және жоғары
өнімді еңбек жағдайларын жасауға ұмтыламыз және
олардан тиімді жұмыс талап етеміз. Біз салауатты өмір салтын сақтауға
ұмтыламыз және еліміздің жалпы жұртшылығын
спортпен айналысуға шақырамыз.
11.
Біз
Қазақстан Республикасы заңнамасының жан-жақты
сақталуына кепілдік береміз.
12.
Біз
кеден қызметінің беделі біздің қызметкерлердің
кәсіптік шеберлігі мен принциптілігіне тәуелді екендігін түсінеміз
және олармен жүргізетін жұмысқа басты назар
аударамыз.
13.
Біз
басым бағытымыз сыбайлас жемқорлықты түбірімен жою
болып табылатындығын жария етеміз. Адалдықтың жоғары
стандартын ұстау міндеттемесін аламыз.
14.
Біз
үшін Қазақстан Респбуликасының Конституциясы мен қоғамдық
пікір жоғарғы төреші болып табылады.
|