Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау
департаментінің «Қызылорда
станциясы»
кеден бекетінің және контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері
кезекті шұғыл-іздестіру шаралары кезінде №5 «Ташкент-Мәскеу»
поезынан есірткі тасымалдаушысын ұстады.
Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Қызылорда станциясы» кеден бекетінің және контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кезекті шұғыл-іздестіру шаралары кезінде №5 «Ташкент-Мәскеу» поезынан есірткі тасымалдаушысын ұстады.
Кезекті тексеру барысында Жамбыл облысының азаматшасы, жолаушының заттарына қызметтік-иісшіл ит «РОМ» қызығушылық танытқан. Иісшілдің сезіктенуі тегін емес екен, заттардың арасынан газетке оралып, сыртынан шымқалған жасыл түсті өсімдік тектес зат шықты. Және бұл азаматша осы затпен Ресей Федерациясының Оренбург қаласына сапарға шыққан.
Тәркіленген бұл зат, сараптама қорытындысынан соң анықталғандай, есірткі, яғни гашиш болып шықты. Салмағы 662 грамм.
Осы факті бойынша кедендік бақылау департаменті тарапынан ҚР ҚК-нің 250 бабы, 1 бөлімінде қаралған қылмыс белгілері
бойынша қылмыстық іс қозғалды және әрі қарай тергеу жүргізу үшін Қызылорда көлік прокуратурасына берілді.
Департаменттің баспасөз қызметі