Ешкімде
ұмытылмайды, еш нәрседе ұмытылмайды
Осы күндері әр
қазақстандық, әр жанұя, барлық біздің
халқымыз естен шықпас - 1945 жылғы 9 мамыр күнін жадына
сақтап өмір сүруде. Біз ұзақ және қатыгез
соғыстан кейін халық қиыншылықпен жеткен бақытты
танып басынан өткерген ұлы жан көтерілісін қайта еске түсіріп
ой елегінен өткіземіз. Біздің ЖЕҢІСІМІЗ - бұл таза жеңіс,
біздің тарихымыз және біздің қазіргі күніміз.
Бұл күн
майданда және тылда шайқастардың өлшенбейтін ауыртпалығынан
өткен соғыс және еңбек ардагерлерінің ұқсассыз
қаһармандығына біздің терең ізетімізді білдіреді.
Халықтың
көңілін сезіне және түсіне отырып, біздің
мемлекетіміз Жеңіс күні шын мәнінде ғасырдың
тарихи салтанаты болуы үшін барлық іс-шараларды жасап жатыр.
Мұны Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы
жолдауларын оқып сезесің. Ардагерлердің Отан алдындағы
еңбектері, біздің бағытты бейбітшілік өміріміз үшін
гитлер басқыншылығымен күресте олардың ерліктері мен
нарлықтарына сәйкес біздің қарызымызды қайтару әрқайсымыздың
ар-намысымыздың ісі.
Ел кеденшілері соғыс
ардагерлері мен тыл еңбекшілерінің өмірі оларға лайық
жемісті, табысты болуы үшін барлық қажетті шараларды атқаруда.
2003 жылдан бастап, мемлекет басшылары Жеңістің 60-жылдығын дайындау мен өткізу туралы шешім қабылдағаннан
кейін Қазақстан Республикасының кеден органдары республикалық
"Жеңістің 60-жылдығына арналған Ұлы отан соғысы
ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қолдау қорына" 5,5 млн. теңге аударды.
Соғыс
ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ақша аударудан басқа
газеттер мен журналдарға жазылу, комуналдық қызмет көрсетулерді
төлеу, дәрі-дәрмектерді сатып алу, қайырымдылық
астар беру, мерекелік концерттерді ұйымдастыру және басқа да
көмек көрсетілді.
Кеден бөлімшелерінің
қызметкерлері осы мерекелік жылы, осы маңызды істен шетте қалған
жоқ. Бір күндік жалақыны ардагерлерді қолдау қорына
аудару туралы шешім қабылданды. Мәселен, Кедендік бақылау
комитетінің орталық аппараты осы қорға 300 мың теңге
аударды. Бұл жұмыс аумақтық кеден органдарында да жүргізіледі.
Өз Отанының
болашағы үшін ауыр сынақтардан өткен ерекше қалыптасқан
адамдарға жан-жақты көмек көрсетуді ел кеденшілері бала
парызы деп есептейді.
ҚР ҚМ
КБК
Баспасөз
- қызметі