Статистика посещений

 
 
   На предыдущую страницу




























Баспасµз-хабарлама

 

2005 жылғы 27-28 мамыр күндері Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаментінің негізінде кедендік ресімдеу және бақылауларды жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық семинар өткізілді.

 

 

 

2005 жылғы 27-28 мамыр күндері Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаментінің негізінде кедендік ресімдеу және бақылауларды жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық семинар өткізілді.

Семинар Қаржы Вице-министрі-  кедендік бақылау Комитетінің төрағасы Б.М. Сапарбаевтың төрағалық етуімен өтті.

Бұл іс-шараға Өзбекстан Республикасы мемлекеттік кедендік комитеті төрағасының орынбасары С.Х. Насыров және Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік кедендік инспекцияның директоры С.Т.Омарқұлов, Көлік және коммуникация, ауылшаруашылық, денсаулық сақтау министрліктерінің , Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызмет, “КазАТО” халықаралық  автокөлікпен тасымалдаушылар одағының өкілдері және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қатысты. Өзбек кеден қызметінің басшылары және ҚР ҚМ КБК департамент, басқарма, кеден бекеттерінің басшылары қатысты.

Семинар-кеңестің барысында кедендік ресімдеулерді оңайлату және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдайларды жасау мәселелері жан-жақты талқыланды.Кедендік кодексті пайдалану тәжірибесіне жан-жақты талдау жасау және кәсіпкерлердің ұсыныстарын еске алу негіздерінде кедендік Заңнамаларды жетілдіру, Кодекске өзгерістер мен түзетулер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда кеден мақсаттары үшін қажетті, оның ішінде кедендік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін, сондай-ақ тәуекелділік басқару жүйесін қолдану кезінде таңдалған кедендік режимдерге сәйкес ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқарту нормалары (12-ден 5-ке дейін), “уақытша сақтау орындары” туралы баптарға алдын-ала және мерзімдік декларациялау рәсімдерін, тауарларды кедендік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін пайдаланған кездерінде уақытша сақтау рәсімдері қолданылмайтындығы енгізілген.Сонымен қатар кедендік салықтар мен төлемдердің төленуін қамтамасыз етуді енгізбей-ақ кедендік деклорацияны беруге рұқсат етіледі, тауарларды өткізетін тұлғаның негізделген сұрау салуы бойынша транзиттік заттарды жеткізу мерзімдері ұзартылады.

Кедендік қызметтің ашықтылығын күшейтудің, кедендік бақылау мен ресімдеу процестерін жеделдетудің негізгі кілті - оларды автоматтандыру болып табылады. Сондықтан да тауарлардың жеткізілуін бақылайтын автоматтандырылған жүйе, контейнерлерді сканерлеу стационарлық жүйесі (ТС - SCAN), кәсіпкер-тұлғаларды тіркеудің автоматтандырылған пукттері (кедендік дүңгіршек), радиоктивтік материалдарды анықтайтын “Янтарь” стационарлық және “Web-деклорант” жүйелері іске қосылды.

Семинарға қатысушылар атап көрсеткендей соңғы кездері кедендік органдардың басқа бақылаушы ұйымдармен шекарадағы қарым-қатынасы арта түсуде. Мысалы мемлекеттік шекарада біріңғай бақылау - өткізу пункіттері (ББӨП) құрылуда. Оларда барлық бақылаушы органдардың өкілдері “бір аялдама” қағидаты бойынша өздерінің тексеру функцияларын атқарады. Қазіргі таңда 3 біріңғай бақылау-өткізу пункттері жұмыс істейді. Келер жылдың аяғына дейін осындай әдіспен жұмыс істейтін барлығы 8 ББӨП енгізілмекші.

Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік кедендік инспекциясының директоры С.Т.Омарқұлов,Кырығыс Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік кеден инспекциясының директоры С.Т. Омарқұлов кедендік рәсімдеуді және еңгізу тәуекелдік басқару жүйесін оңайтылған жол керектігін айтты.

Сонымен қатар оның айтуынша ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында қабылданған Қырғыстан елінің кедендік кодексі  Киот конфенциясына қатысты жасалып, ең бастысы кедендік рәсімдерді оңайлатуға бағытталған. Омарқұлов мырза  пікірінше қызметте электрондық ақпараттарды кең көлемде қолдану керек деген ұсыныс айтты, сонымен қатар көршілес елдердің кеден органдарымен электрондық қарым қатынас  ұйымдастыру жөн болар деді.

Өзбекстан Республикасының мемлекеттік кеден комитеті төрағасының орынбасары  С.Х. Насыровтың ойынша кедендік рәсімдеудің оңайтылған жолы шешілсе, тауар айналым және кедендік ресімдеудің жолы әлде қайда жедел түрде өтеді. Ол кеңеске қатысушыларға көбісі Қазақстан Республикасының  кедендік кодексінен  алынған кедендік тариф жөнінде және Өзбекстан елінің кедендік кодексі жобасы жасалып жатқан жөнінде ақпарат берілді.

Біріккен бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін іске асыру қаржы шығындарын екі есеге, ал кедендік ресімдеуді жүргізу уақытын үш есеге азайтуға мүмкіндік береді.

Әуежайлар қызметтерінің тиімді және сапалы жұмысына қол жеткізу мақсатында, әуежайлардың “ҰШУ” залында бақылаудың үш кезеңдік жүйесі енгізілуде, бұл әуежайларда бақылау рәсімдерін өту уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Басқа мемлекеттер кеден органдарының біріздендіру құралдарымен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеруге тыйым салу енгізілді.

Тексеру ұлттық қауісіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан халықтарының мәдени игілігін сақтауға қауіп төнген жағдайда, транзитте мәлімделген тауардың сәйкессіздігі, сондай-ақ  біріздендіру  құралдарының бұзылуы сияқты ерекше жағдайларда ғана жүргізіледі.

Қазақстан кәсіпкерлерінің форумында Елбасының берген тапсырмасына сәйкес Комитетте және оның аумақтық органдарында Консультативтік кеңестер құрылды, ақпараттық-консультативтік пункттер, “сенім телефондары” жұмыс істейді. “Дөңгелек үстелдер”, кеден органдарының кәсіпкерлерімен кездесулері өткізіледі, біз олармен “кеден кәсіпкерлер үшін” қағидаты бойынша серіктестік, сенімді қатынастарды орнатуға ұмтыламыз.

Елбасының жолдауынан туындайтын әлеуметтік салаларға бөлінетін бюджеттің шығыс бөлігінің көбейуіне байланысты ақшаның құнсыздануын болдырмау, шағын және орта бизнесті дамыту, халықтың күнделікті сұраныс тауарларына қажеттілігін қанағаттандыру мақсаттарында Комитеттің ұсынысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің биылғы жылғы 7-ші наурыздағы №217 “Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы кәсіпкер-тұлғалардың тауарларды өткізулерінің кейбір мәселелері” және 5-ші мамырдағы №430 “Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы” қаулылары қабылданды. Оларда өнімдердің өзіндік құнын азайтуға және тасымалданатын заттардың салмақтық нормаларын көбейтуге бағытталған шаралар қамтылған. Мысалы, тауарлардың барлық категориялары бойынша 2 тоннаға дейін, жеміс-жидек пен бау-бақша көкөністерін 5 тоннаға дейін өткізуге рұқсат етілген. Сонымен қатар жиынтық кедендік төлемдердің айрықша бөлігі (бір килоға 0,5 ЕВРО-дан кем емес деген) алынып тасталып, төлем ставкасы кедендік құнының 17 пайызын құрайды. Бұл жеке адамдар шығындарының сомасын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, кедендік ресімдеу рәсімдерін өту уақытын қысқартады. Бірақ, бұл үшін облыс, аудан, қала әкімшіліктерінің, басқа мемлекеттік органдардың бірлескен үйлесімді және үйлестірілген жұмысы қажет.

Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алу саласында кедендік әкімшілдендіру әдістерін жетілдіру негізгі бағыттарының бірі болып қалады.

Кедендік құнының халықаралық қағидаттарына сәйкес кедендік құнды айқындауды бақылау жүзеге асырылады, тарифтік және тарифтік емес шаралар қолданылады, жеңілдіктер мен преференцияларды ұсынудың заңдылығын бақылау күшейтіледі. Ең алдымен, импортталатын тауарлардың кедендік құнын дұрыс айқындау, тауар номенклатурасының кодтарын, сондай-ақ шыққан елін дұрыс айқындау мәселелеріне басты назар аударылады.

Қабылданған шаралар бюджетке түсімдерді едәуір жоғарылатуға мүмкіндік береді. 2005 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 20,3 млрд. Теңгеге немесе 28,9 % артық.

Одақтан кейінгі кезеңде кеден саласына төлем карточкалары арқылы бюджетпен қолда бар ақшасыз есеп айырсу жүйесі алғашқы рет енгізілді. Төлем карточкасы ретінде, аймақтық филиалдар жүйесі ең дамыған екінші деңгейдегі банктер эмитенттеген карточкалары пайдаланылады. Жүйені енгізудің оң белгілерінің бірі басқа елдерде көзделгендегідей бюджетке төлемдерді төлеу үшін арнайы төлем карточкасын әзірлеу қажеттілігінң жоқтығы болып табылады.

Семинар-кеңеске қатысушылар “Ғ. Мұратбаев” атындағы біріңғай бақылау-өткізу пункітінде болып, тауарлардың жеткізлуін бақылайтын автоматтандырылған жүйесін көздерімен көріп, жұмысымен танысты.             

              

     


"Кеден-2005" форумның бірінші халықаралық көрмесі
Жалғасы...
2005-10-21 19:08:21

Беларусь Республикасының аумағына әкелінетін картоп крахмалына маусымдық бажды белгілеу туралы.
Жалғасы...
2005-10-20 10:08:25

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті жанындағы Консультативтік кеңестің кеден саясаты жөніндегі отырысы
Жалғасы...
2005-09-29 17:10:41

"Айқын кеден - инвестициялық климатты жақсарту жолы" Республикалық акция
Жалғасы...
2005-09-27 16:04:18

Қазақстан Республикасы кеден органдарының 2004 жылдың 8 айы ішіндегі қызметінің қорытындылары туралы ақпарат
Жалғасы...
2005-09-08 10:40:48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Жалғасы...
2005-09-07 19:34:16

Брюссельдегі сессия жайында ақпарат...
Жалғасы...
2005-06-28 12:15:19

2005 жылғы 27-28 мамыр күндері Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаментінің негізінде кедендік ресімдеу және бақылауларды жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық семинар өткізілді.
Жалғасы...
2005-05-29 16:54:17

Ешкімде ұмытылмайды, еш нәрседе ұмытылмайды
Жалғасы...
2005-04-13 10:59:27

Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің "Қызылорда станциясы" кеден бекетінің және контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кезекті шұғыл-іздестіру шаралары кезінде №5 "Ташкент-Мәскеу" поезынан есірткі тасымалдаушысын ұстады.
Жалғасы...
2005-04-12 11:05:52

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің жанындағы Кеден саясаты жөніндегі Консультативтік кеңестің отырысы туралы
Жалғасы...
2005-03-29 20:05:14

Қару-жарақ контрабандасының белгілері
Жалғасы...
2005-03-28 19:57:13

Тәуекелділікті бағалау мен басқару негізіндегі кедендік бақылау: қолдану тәжірибесі мен даму бағыттары
Жалғасы...
2005-03-10 11:14:51

Кеден қызметі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауын іс-жүзінде іске асыру
Жалғасы...
2005-03-09 19:00:55