Статистика посещений

 
 
   На предыдущую страницу




























Впервые в истории таможенной службы Казахстан избран членом Политической комиссии Всемирной таможенной организации (ВТО)

Брюссельдегі сессия жайында ақпарат

 

Кеден қызметінің тарихында бірінші рет Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Саяси комиссиясының мүшесі болып сайланды. Бұл туралы Дүниежүзілік кеден ұйымының Брюсселдегі штаб-квартирасында өткен, Кедендік ынтымақтастық кеңесінің 105 және 106 сессиясының жұмыс қорытындысы бойынша белгілі болды. ДКҰ Саяси комиссиясы 1978 жылы құрылды. Оның құрамына ДКҰ мүшесіне –17 белсенді мемлекеттер аймақтық негізде екі жылдық кезеңге сайланады. Аталған орган әлемдік кеден жүйесінің жұмыс істеуі және дамуының басты мәселелерін қарайды: кеден ісі саласында халықаралық конвенциялар және басқа да құқықтық құралдарды әзірлеу, енгізу және жаңарту. Қазақстан ДКҰ стратегиялық жоспарлау мәселелерін талқылау  және қызметінің приоритеттерін айқындау кезінде барлық ТМД және Балтық мемлекеттерінің мүдделерін білдіретін және қорғайтын болады.

Тұтастай алғанда сиссия жұмысына ДКҰ мүшелерінің –  116 ел басшылары қатысты. Қазақстандық делегацияға Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі – Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Б.М. Сапарбаев басшылық етті.

Форумға қатысушылардың талқылауында басты тақырып болып ДКҰ Жоғары Деңгейдегі Стратегиялық Тобы әзірлеген саудалық жеткізудің халықаралық  желісінің қауіпсіздігі мен жеңілдігінің стандарт шеңберін қабылдау тұрды. Б. Сапарбаев өз сөзінде ұсынылып отырған стандарт шеңбері кедендік әкімшілдендіруде өзара іс-қимыл жөніндегі қатынасты қайта қарау принциптері ҚР кеден қызметінің модернизациясы мен жетілдіру жоспарларына қайшы келмейтіндігін атап өтті. «Соңғы уақытта біздің қызмет әзірлеген жобалар шетел елдерінің кеден органдарымен жұмыс интеграциясы ретінде, сондай-ақ кедендік бақылауды ұйымдастырудың басты инструменттерін қолдану – алдын ала ақпараттарды пайдалану, тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесін енгізуге бағытталды, – деп қазақстандық делегация басшысы айтты». “Ақпарат және байланыс техникасы – 21 ғасырдың двигательі” тақырыбын талқылай келе, вице-министр Б. Сапарбаев шекарадағы бірлескен бақылауды ұйымдастыру, кедендік рәсімдерді жетілдіру, “Электронды кеден” ақпараттық жүйелерін құру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Форум шеңберінде қазақстандық бас кеденші Брюсселде Белгия, Қытай, қырғызстан, Литва, БАӘ, Ресей, Корея Республикасы, Түркия, Өзбекстан және Жапон әріптестерімен бірнеше жұмыс кездесуін өткізді. Осы елдер арасындағы ынтымақтастық туралы тиісті құжаттарға қол қою туралы келісім-шарт бар. Атап айтқанда, Белгия кеденімен – халықаралық әуежайларда, Антверпен және Ақтау теңіз айлақтарында кедендік бақылауды жүргізуден тәжірибе алмасу және ҚР кеден қызметінің мұражайын құруға көмек көрсету жөнінде; түркиялық және арабиялық әріптестермен кедендік статистиканың сыртық сауда саласында әдістемелік және ақпараттық өзара іс-қимыл туарлы. Бұдан басқа да, ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті мен ФРГ кеден әкімшілігі арасында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Бірлескен мәлімдеме екі мемлекеттің кеден қызметтерінің  есірткі құралдары мен психотроптық заттардың контрабандасына қарсы күрес саласында, аталған бағытта бірлескен іс-шараларды жүргізуде көмек көрсету туралы сұрау салуларды жіберуді қоса, ақпарат алмасу жөніндегі ынтымақтастықты көздейді. Өзара көмек тікелей тараптармен жүзеге асырылатын болады.

Сессия жұмысындағы тағыда бір маңызды сәт ДКҰ штаб-квартирасы жанынан “қазақстан бұрышын” ашу салтанаты болды. Аталған бастама ДКҰ Бас хатшысы Мишел Даненің  ұсынысы болатын. Бұрыш қазақтың ұлттық киімімен, өрнектелген кілеммен безендірілді, тұрмыстық салт-дәстүр құралдары мен картиналар Брюсселдегі штаб-квартираның сәнін келтірді және Қазақстан ДКҰ Саяси комиссиясының мүшесі болуға лайық екендігі туралы білдіріп тұрды.

ҚР ҚМ КБК баспасөз-қызметі

     


"Кеден-2005" форумның бірінші халықаралық көрмесі
Жалғасы...
2005-10-21 19:08:21

Беларусь Республикасының аумағына әкелінетін картоп крахмалына маусымдық бажды белгілеу туралы.
Жалғасы...
2005-10-20 10:08:25

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті жанындағы Консультативтік кеңестің кеден саясаты жөніндегі отырысы
Жалғасы...
2005-09-29 17:10:41

"Айқын кеден - инвестициялық климатты жақсарту жолы" Республикалық акция
Жалғасы...
2005-09-27 16:04:18

Қазақстан Республикасы кеден органдарының 2004 жылдың 8 айы ішіндегі қызметінің қорытындылары туралы ақпарат
Жалғасы...
2005-09-08 10:40:48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Жалғасы...
2005-09-07 19:34:16

Брюссельдегі сессия жайында ақпарат...
Жалғасы...
2005-06-28 12:15:19

2005 жылғы 27-28 мамыр күндері Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаментінің негізінде кедендік ресімдеу және бақылауларды жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық семинар өткізілді.
Жалғасы...
2005-05-29 16:54:17

Ешкімде ұмытылмайды, еш нәрседе ұмытылмайды
Жалғасы...
2005-04-13 10:59:27

Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің "Қызылорда станциясы" кеден бекетінің және контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кезекті шұғыл-іздестіру шаралары кезінде №5 "Ташкент-Мәскеу" поезынан есірткі тасымалдаушысын ұстады.
Жалғасы...
2005-04-12 11:05:52

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің жанындағы Кеден саясаты жөніндегі Консультативтік кеңестің отырысы туралы
Жалғасы...
2005-03-29 20:05:14

Қару-жарақ контрабандасының белгілері
Жалғасы...
2005-03-28 19:57:13

Тәуекелділікті бағалау мен басқару негізіндегі кедендік бақылау: қолдану тәжірибесі мен даму бағыттары
Жалғасы...
2005-03-10 11:14:51

Кеден қызметі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауын іс-жүзінде іске асыру
Жалғасы...
2005-03-09 19:00:55