Қазақстан Республикасы
кеден органдарының қызметі
туралы ақпарат
Қазіргі кезеңде
Қазақстан Республикасының кеден органдары
заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға,
кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі
ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік
инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отыр.
2003
жылғы 1 мамырдан бастап құқықтық нормаларды
біріктіруге және жүйелендіруге,
халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу
мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және
оңайлатуға мүмкіндік берген Кеден кодексі
қолданысқа енгізілді. Оны дамыту үшін Үкіметтің
11 қаулысы, 38 ведомстволық және басқа
министрліктермен бірлескен нормативтік құқықтық
кесімдер қабылданды.
Үкімет
қаулысымен Қазақстан Республикасының кеден
қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға
арналған бағдарламасы бекітілді.
2004 жылдың басынан бастап
республиканың сыртқы сауда статистикасы
дербес жүргізіледі және кеден шекарасында радиациялық
бақылау жүзеге асырылады.
Кеден рәсімдерін
оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету
жөнінде шаралар қабылдануда. Барлық аумақтық
бөлімшелерде ресімдеудің бүкіл кезеңінде жүк
кедендік декларациялардың (ЖКД) қозғалысын
қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп
қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік
ресімдеу орталықтары құрылды.
Алдын ала
және кезеңдік декларациялау жүзеге
асырылады, бұл - жүктердің кеден шекарасы арқылы
өту уақытын қысқартады, сыртқы экономикалық
қызметке (СЭҚ) қатысушылар үшін неғұрлым
қолайлы жағдайлар жасайды.
Ең
адал кәсіпкерлерге сертификаттар берілді, бұл оларға «жасыл дәлізді» пайдалануға
құқық береді.
Астана,
Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларының
әуежайларында кедендік тексеру маңызды емес уақыт ішінде жаңа технологиялық схема бойынша
жүргізіледі.
2003
жылдың соңында елдің кеден қызметінің
Ақпараттық бекеті ашылды.
Бірқатар шет
елдердің жаңа ақпараттық
технологияларды енгізу жөніндегі тәжірибесі зерделенді және
осының негізінде «КTNET», «Самсунг»
компанияларымен және біздің республика мамандарының
қатысуымен «электронды Үкіметтің» құрамдас
бөлігі ретінде «электронды кеден» құру бағдарламасы
әзірленді. Оны іске асыру СЭҚ-қа қатысушыларға
қызмет көрсету уақытын қысқартады, «адам факторының» әсерін азайтады.
Ең
жаңа ақпараттық және
коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгізілді:
тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған
жүйесі (ТЖБАЖ), контейнерлік сканерлеу кешені ("TC-SCAN"),
автоматтандырылған жеке адамдарды тіркеу пункті (кеден
дүңгіршегі), "Янтарь" радиоактивті материалдарды
стационарлық анықтау жүйесі, "Web-декларант"
электронды декларациялау кешені, олар сыртқы сауда рәсімдерді
жеделдетуге және айқындылығын қамтамасыз етуге,
кедендік бақылаудың тиімділігін жоғарылатуға
ықпал етеді.
Шекарадағы
бақылаушы органдармен және СЭҚ-қа қатысушылармен
өзара іс-қимыл күшейтілуде. ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
пункттерінде бірыңғай бақылау-өткізу пункттері
құрылуда, бұл жерде барлық бақылаушы
органдардың өкілдері орналасқан, олардың өзара
іс-қимыл және «бір аялдама» қағидасы бойынша
өздерінің бақылаушы функцияларын жүзеге асыру
тәртібі айқындалған.
Бірыңғай
бақылау-өткізу пункттерін салу
бағдарламасына сәйкес 5 ББӨП: Оңтүстік
Қазақстан облысында Ғ. Мұратбаев атындағы,
Павлодар облысында "Шарбақты", Шығыс
Қазақстан облысында "Ауыл", Солтүстік
Қазақстан облысында "Қарақоға"
және Қостанай облысында «Ұбаған» қолданысқа енгізілді.
Ресей
және қырғыз тараптарымен біріккен
кедендік бақылауды жүргізу және шекарада бірыңғай
бақылау-өткізу пункттерінің құрылысы бойынша
жұмыс жүргізіліп жатыр.
Кедендік әкімшілдендірудің нысандары мен әдістері
жақсару үстінде. Тәуекелдерді талдау және басқару
жүйесі енгізілуде. Кедендік құнды кедендік
бағалаудың халықаралық стандарттарына сәйкес
айқындауға, жеңілдіктер мен преференцияларды ұсыну
заңдылығына бақылау жүргізілуде, тарифтік және
тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуда. Үкіметтің қаулыларымен ақапараттың ресми көздері
ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін негізгі тауарларға
бағалық каталогтар бекітілді, бұл кедендік құнды
төмендету фактілерін болдырмауға ықпал етеді,
құны өндірушіден, брендтен және басқа да
құрамдастардан өзге спецификалық түрдегі
тауарларға бақылауды жеңілдетеді.
Бюджеттің
әлеуметтік ортаға шығыс бөлігінің өсуіне
байланысты инфляцияның өсіміне жол бермеу бойынша әсерлі
шараларды қолдану, шағын және орта бизнес санаттарына
жатқызылатын СЭҚ-қа қатысушылардың
салықтық салымын жеңілдету мақсатында Комитеттің
бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өнімнің өзіндік құнын
төмендетуге бағытталған бірқатар
шараларды көздейтін үстіміздегі жылдың 7 наурыздағы
№217 және үстіміздегі жылдың 5 мамырдағы №430 екі
қаулы қабылданды. Жекелеп алғанда жеке адамдардың
тауарларды жеңілдетілген тәртіппен әкелудің
салмақтық нормалары 10 есе, ал жеміс-жидек өнімінің 5
есе жоғарылады. Бұдан басқа, тұтыну
кәрзіңкесіне кіретін бірқатар
азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға
кедендік баждарды жаңа төмендету ставкілері қабылданды.
Барлығы үстіміздегі жылдың сегіз айы ішінде республикалық бюджеттің кіріс
бөлігіне 204,4 млрд. теңге
сомасында кедендік төлемдер мен салықтар келіп түсті, 2002
жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім
108,7 млрд. теңгені құрады немесе 2,1 есе өсті.
Экономикалық
қылмыстар мен әкімшілік құқық
бұзушылықтарға қарсы күрес, тауарлар мен
көлік құралдарының, есірткі заттар мен прекурсорлар
контрабандасының жолын кесу мақсатты түрде жүгізілуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына
сәйкес кеден органдарына жедел-іздестіру
қызметін жүзеге асыру өкілеттіктері берілген, бұл кеден
ісі саласындағы қылмыстар мен құқық
бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін едәуір өсірді. 2002 жылдың
қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін
қылмыстық істер бойынша 2,2 млрд теңгеден астам сомаға
тауарлар тәркіленді, қылмыстық істер және
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
істер бойынша мемлекеттің кірісіне 3,7 млрд.
теңгеден астам сомаға тауарлар тәркіленді.
Анықталған құқық бұзушылықтар
бойынша, сондай-ақ қосымша есептеулер нәтижесінде мемлекетке
6 млрд. теңгеден астам сомасына зиян өтелді. Кеден органдары, оның
ішінде басқа да құқық қорғау
органдарымен бірлесіп, есірткінің заңсыз
айналымының 1562 фактісі анықталды, 6,5 тоннадан астам түрлі
есірткі заттар, оның ішінде 799 кг героин алынды.
Кеден органдары қызметінің ең маңызды
бағыттарының бірі кадр саясатын жетілдіру
болып табылады. Кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша
іс-шаралар жүзеге асырылуда. Кадрлармен жұмыстың басымды
бағыттары айқындалған, оларға
біліктілік талаптар белгіленген, Ар-ождан кодексі, Кеден органдарының
декларациясы және басқалар бекітілді.
Кадрлық құрамды жинақтау тек қана
конкурсттық негізде жүзеге асырылады. Кеден органдарына 2002
жылдың қыркүйегінен бастап 1607, олардың ішінен конкурс
бойынша 1401 немесе 87,2% адам қабылданды. Бұл ретте кәсіби
(заң, экономикалық, кеден ісі, ақпараттық
технологиялар) білімі бар кандидаттарға артықшылық беріледі.
Бүгінгі күні жоғарғы білімі
бар лауазымды адамдардың жалпы саны 5416 (92,4%), олардың ішінен
экономикалық – 1434 (26%), заңды – 2137 (39%) білімі барлар
құрады, «кеден ісі» мамандығы бойынша қызметкерлер 613
(11%), басқа мамандықтар – 1232 (23%)
құрады. Нәтижесінде, кәсіби
білімі бар лауазымды адамдардың үлес салмағы 64 %-дан 88
%-ға дейін өсті.
Кадрларды аттестациялау
жүйелі түрде жүргізіледі. Осы кезең ішінде
аттестациядан 4046 лауазымды адам немесе жеке құрамның 69
%-дан астамы өтті. Олардың нәтижесі бойынша 304
қызметкер атқаратын қызметінен босатылды.
Жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп
жоғары оқу орындарының «Кеден ісі» мамандығы бойынша
түлектері арасында Олимпиадалар жүргізіледі, олардың
нәтижелері бойынша 30 ең үздік қатысушылар кеден
органдарына жұмысқа орналастырылды.
1941-1945 жылдары
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің
60-жылдығын мерекелеу күндерінде кеден органдарының
қызметкерлері Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен әскери
жылдары тыл еңбекшілерін қолдау қорына 5,3 млн. теңге мөлшеріндегі
еңбек ақысын аударды.
Қызметкерлердің
әлеуметтік және тұрмыстық
қамтамасыз етілуін жақсарту бойынша белгілі жұмыстар
жүргізілуде. Астана қаласында және Достық станциясында
кеден органдарының қызметкерлері үшін жалпы көлемі 7
мың шаршы метрге жуық баспана салынды.
Қазақстан
кәсіпкерлерінің Форумында берілген Елбасының тапсырмасына
сәйкес Комитетте және оның аумақтық органдарында
Кедендік саясат бойынша консультативтік кеңестер құрылған,
ақпараттық-консультациялық пункттер,
«сенім телефондары» жұмыс істейді. «Дөңгелек үстелдер»,
кеден органдарының кәсіпкерлермен кездесулері, әлеуметтік
сауалнама және жасырын анкеталау жүргізіледі. Корпоративтік теледидар және Комитеттің ай сайын 5 мың
адамнан астам адамдары кіретін Web-сайты жұмыс
істейді.
Кеден органдары «Атамекен»
Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің
жалпыұлттық одағымен бірлесіп
үстіміздегі жылдың 28 мамыр-28 маусым кезеңінде, негізгі
мақсаты Президенттің Қазақстан халқына
Жолдауының негізінде сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау, «жасыл
өнімді» жеткізуші мен тұтынушы арасында тікелей байланысты орнату
болып табылған «Кеден бизнес үшін» деген акцияны өткізді.
Акция барысында
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік
бақылау комитеті мен Кедендік брокерлердің
қазақстандық қауымдастығы (бұдан әрі - КБҚҚ) арасында Меморандум жасалды,
оған сәйкес КБҚҚ ауылшарушылық өнімін
кедендік ресімдеуге брокерлік қызмет көрсетулердің кешеніне
тарифтерді 3 мың теңгеге дейін төмендетті.
Жол жүру кезінде
рұқсат етілмеген тоқтатуларды болдырмау мақсатында
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау
комитеті бірлескен бұйрыққа қол қойды, онда
ауылшарушылық өнімімен көлік құралдарды
қосымша алымға ақы төлемей бірге алып жүру
тәртібі көзделген.
Акцияның
қорытындысында ҚР ҚМ КБК мен «Атамекен» Қазақстан
кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық
одағы арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға,
сондай-ақ аумақтық кеден органдары мен «Атамекен» өңірлік өкілдері
арасында меморандумға қол
қойылды.
Халықаралық
ынтымақтастық саласында да белсеңді
жұмыс жүргізілуде.
Ресей, Қытай,
Түрік, Қырғызстан, Германия,
Нидерланд кеден қызметтерімен кеден ісі, сыртқы сауданың
статистикалық деректерін алмасу және салыстыру мәселелері
бойынша шарттар мен келісімдерге қол қойылды.
Дүниежүзілік
кеден ұйымымен (ДКҰ) іскерлік серіктестік қатынастарды орнату
едәуір жылжыды. 2004 жылы оның
бастамасымен Алматы қаласында Жібек жолы өңірінде есірткі
трафигінің мәселелері кеден әкімшіліктері басшыларының
кеңесі өткізілді. Елдің Кинологиялық
орталығының базасында ДКҰ халықаралық
Өңірлік кинологиялық орталығы бекітілді.
2005 жылдың
қаңтарында Алматы қаласында ДКҰ Еуропа өңірі кеден қызметтері басшыларының 2-ші
конференциясы өткізілді, оның жұмысына 37 мемлекеттің кеден
әкімшіліктерінің басшылары мен сарапшылары, Еуропа
Қоғамдастықтарының Комиссиясы, сондай-ақ
Төтенше және Өкілетті Елшілер, Қазақстанда
тіркелген халықаралық ұйымдардың өкілдері
қатысты.
Бельгиядағы ДКҰ-ның 105 және 106-сессияларында
Қазақстан Достастық елдерінен ДКҰ Кедендік
ынтымақтастық кеңесінің Саяси комиссиясының
құрамына бірінші болып сайланды және Шығыс Еуропа
және ТМД 24 елдерінің мүддесін білдіретін болады.
Ел кеден
қызметінің материалдық-техникалық
базасы одан әрі жаңаруда және дамуда.
2002-2005 жылдары 5
ББӨП, 6 кеден бекеті, 7 кедендік ресімдеу
орталықтары, Атырау қаласында Өңірлік
оқу-әдістемелік орталық, қызметтік-іздестіру иттерін
ұстауға арналған 4 питомник пайдалануға енгізілді. Дружба
станциясында темір жол терминалының құрылысы аяқталуда.
2005-2007 жылдары 8 ББӨП, 2 темір жол терминалы салынады.
Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі
Кедендік бақылау комитетінің
Баспасөз
қызметі