Қарағанды облысы
бойынша Кедендік бақылау департаментінде
мемлекеттік тілді енгізу туралы
Қазақ
тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы
шарттарының бірі – оның қоғамдық
өмірдің әр алуан саласында қолданылуы және
соған орай іс-қағаздарының мемлекеттік тілде
жүргізілуі.
Тіл-адам баласының ғана емес, ұлттың,
халықтың, қоғамның болмысын көрсететін
құбылыс. Ғылым да, мәдениет
те, өнер де, материалдық
игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады.
Сонымен, Кедендік бақылау департаментінде ҚР Президентінің 2001 жылғы
ақпанның 7-де № 550-ші Жарлығымен бекітілген 2001-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
мақсатында мемлекеттік тілді дамыту бойынша бірқатар жұмыстар
атқарылды.
Жоғарыда
аталған Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес өз
Департаментімізде 2005-2006 жылдарға арналған аймақтық
бағдарлама дайындалды. Осы бағдарламамен біраз іс-шаралар
бекітіліп, алдағы уақытта оларды іске асыру көзделіп отыр.
«Қазақстан
Республикасындағы тiлдер туралы» ҚР Заңы мен онжылдық
мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы және мемлекеттік
тілді оқыту сабағаның өту барысы Департамент
бастығы жанында өткізілетін кеңестерде қарастырылып
отырады.
Және Қазақстан
Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің бұйрығын орындау
мақсатында Департаментте «Қазақстан Республикасындағы тiлдер
туралы» ҚР Заңының орындалуына бақылауды күшейту туралы
бұйрық қабылданды. Осы бұйрық iс жүргiзуi мемлекеттiк
тiлге көшiрiлген облыстармен мемлекеттiк тiлде хат-хабар алмасуды қарастырады.
Бүгінгі күнде хат-хабар тек мемлекекеттік тілге көшкен
облыстармен ғана емес өзге де ұйымдарға мемлекеттік
тілде жіберіледі.
Сондай-ақ ҚР ҚМ КБК
2005ж.29.03-дегі №120 бұйрығына сәйкес КБД
бастығының 2005ж.11.04-дегі № 69-б «Іс қағаздарын
жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіру
туралы» бұйрығы қабылданды. Аталмыш бұйрық
бойынша құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік тілде хат
алмасу процентін:
2 тоқсанда 50%-ке дейін арттыру;
3 тоқсанда
70%-ке дейін арттыру;
4 тоқсанда (қазан айында 80%-ке;
қараша айында 90%-ке; желтоқсан айында 100%-ке) арттыру
қарастырылған.
Қызметкерлердiң
тiлдi бiлу деңгейiн, сұраныстарын зерттей отыра мемлекеттiк тiлдi оқыту
жөнiнде 7 топ құрылды. КБД бастығының 2005ж.06.05-дегі № 84 бұйрығымен
2005 жылғы 23 мамыр мен 10 маусым аралығында жеке
құрамның мемлекеттік тілді білу деңгейін тексеру
бойынша емтихан өткізілді. Емтихан үш кезеңнен тұрды (1
кезең – жазбаша, 2 кезең – тестілеу, 3 кезең – ауызша). Тiлдi үйренушiлер
оқулықтармен, әдiстемелiк құралдармен, сөздiктермен,
қазақ тiлi сабағына арналған аудио және бейне таспалармен
қамтамасыз етiлген. Мекеме қызметкерлері үшін кішігірім
кітіапхана ұйымдастырылған, оған қазақ
классиктерінің туындылары, мақал-мәтелдер, тарихи кітіаптар
сатылып алынған. Оқимын, білемін деген қызметкерлерге
әрқашанда есік ашық, олар өздері ұнатқан
кітаптарды алып, оқып орнына қайтарып отырады. Алдағы
уақытта қазақ тілі сабақтарын өткізу үшін
жеке кабинет ашу көзделіп отыр. Қызметкерлердiң қазақ
тiлiн өз бетiмен, дербес үйренуi үшiн «Сұхбат» бағдарламасы
алынды. Бұл бағдарламада өзiндiк орындау үшiн сұхбаттар,
тапсырмалар мен жаттығулар берiлген. Мемлекеттiк тiлде iс жүргiзудi қамтамасыз
етуге байланысты әр бөлімдегі компьютерлерге қазақ тiлiнiң
драйверi орнатылды, оның iшiнде 25 компьютерге мемлекеттiк тiлде SANASOFT
бағдарламасы орнатылды.
Ұлт
мейрамы, мемлекеттік тіл мерекесі қарсыңында құрылымдық
бөлiмшелер арасында қызметкерлердің қандай
деңгейде халқымыздың тарихын, мәдениетін,
салт-дәстүрлерін білетіндігін анықтау бойынша байқаулар
өткiзiлiп отырады.
Соның
бірі қыркүйектің 8 жұлдызында Қарағанды
облысы бойынша КБД мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі жұмыстар
және қызметкерлердің мемлекеттік тілді оқып –
үйрену нәтижелері туралы дөңгелек үстел өткізілді.
Оған Қарағанды облысы бойынша КБД бастығының
орынбсары А. Нұғманов, Қарағанды облысы Тілдерді дамыту
жөніндегі
басқармасының бастығы Б. Мұсабеков, сонымен
қатар БАҚ өкілдері, КБД кұрылымдық
бөлімшелерінің бастықтары мен қызметкерлері
қатысты. Онда жоғарыда атқарылып жатқан жұмыстар
туралы айтылды және 2005 жылғы бірінші жартыжылдықта
Департамент қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді
оқып-үйренуде оңды нәтежиемен шыққан
қызметкерлерді марапаттау рәсімі жүргізілді.
Сол марапатталған қызыметкерлердің ішінде
Қарағанды облысы бойынша КБД «Қарағанды-кедендік
ресімдеу орталығы» к/б аға маманы С.Н.Музорова, «Теміртау» к/б
бастығының орынбасары А.В.Воротилин, кадрлар бөлімінің
бас маманы И.В.Строгонова, Кедендік кірістер басқармасы тарифтік реттеу
және кедендік құнды талдау бөлімінің бас маманы
В.Я.Железняк, Кедендік кірістер басқармасының бастығы В.К.
Карабецкая, Ақпараттық технологиялар бөлімінің бас
маманы М.К.Сулимова, және тағы басқа қызыметкерлер.
Қарағанды облысы бойынша КБД баспасөз
қызметі
Тел. 56-34-00