«Кеден-2005» форумның бірінші халықаралық көрмесі
2005 жылғы 27, 28 қазанда
Алматы қаласында «Кеден-2005» көрме-форумы өтеді.
Еліміздің кеден органы Алматы қаласының
тұрғындарын, шетелдік компаниялардың басшылары мен
өкілдерін, дипломатиялық миссия басшыларын және сыртқы
экономикалық қызметке қатысушыларды (СЭҚ) кедендік
бақылауды жүзеге асыру барысындағы жаңалықтармен,
жабдықтармен, техникалық құралдармен және
кедендік бөлімшелер қызметінің әдістерімен таныстыратын
болады. Көрмеге, сондай-ақ кеденге алдыңғы
қатарлы технологиялар мен жабдықтарды жеткізетін компаниялар мен
фирмалар қатысатын болады.
Мемлекетіміздің кеден қызметі
мемлекеттіліктің, ел тәуелсіздігімен оның саяси және
экономикалық егемендігінің нығайуының негізгі
атрибуттарының бірі және солай болада бермек. Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен 1991 жылы 12
желтоқсанда кеден органын құру туралы алғашқы
нормативтік құқықтық актілердің біріне егеменді мемлекеттің Басшысы қол қойды.
Қойылған талапта елдің кеден жүйесінің дамуы мен
қалыптасу кезіңі, оның ішінде нормативтік
құқықтық базалардың жетілдірілуі
қадағаланады. Қазақстан Республикасы Кеден
кодексінің қабылдануымен мейілінше өркениетті және
айқын заңнамасы бар мемлекеттер қатарына нық енді.
Көрменің
басты бөлігі кедендік бақылауды жетілдіру мәселесіне
арналған. Көрмеге қатысушылар, мүдделі
тұлғалар бақылау кезінде кеденшілер пайдаланатын
техникалық құралдармен мейілінше егжей-тегжейлі және
бөлшекті танысуға мүмкіндік бар. Олар кедендік
бақылаудың техникалық құралдарын, оның
ішінде шаруашылық таразысын және бейнебақылауды көзбен
көріп, “Ақпараттық монитор” бойынша кедендік ресімдеу кезінде
құжаттардың барлық өту кезеңін жеке
бақылай алады.
Келушілердің назарына мемлекеттік шекара
арқылы өткізу пункттерінде орналасқан бірыңғай
бақылау-өткізу пункттерінің (ББӨП) макеттері
қойылатын болады. Онда бақылаушы органдардың өкілдері
орналастырылады және олар кәсіпкерлер мен бизнесмендер үшін
бюрократиялық кедергілердің азаюына, түптеп келгенде кедендік
рәсімдерді жылдам шапшаңдықпен жүзеге асыруға
әкелетін “бір аялдама” принципі бойынша бақылау функцияларын
жүзеге асырады. Сондай-ақ көрермендердің назарына
жақын жылдары ББӨП-ның құрылысын салу
бағдаралмасы, оның ішінде бірлескен ББӨП (Ресей
Федерациясымен және Қырғыз Ресупбликасымен шекарада), сондай-ақ
кедендік инфрақұрылымдар құрылысын салу
бағдарламасы ұсынылатын болады. Көрмеде жаңаша
ақпараттық және коммуникациялық технологияларға
көп орын бөлінген. Тауарлардың жеткізілуін
бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің (ТЖБАЖ),
ТС-SCAN контейнерлік сканирлеу жүйесінің,
жеке тұлғаны тіркеудегі автоматтандырылған
пункт (кеден дүңгіршегі),
стационарлық жабдықтар,
«Янтарь» радиоактивтік материалдар
жабдықтары, «Web-декларант» электронды декларациялау
кешені,
энергия ресурстарын бақылаудың
және есептеудің
автоматтандырылған жүйесінің
жұмыс принциптері көрсетілетін болады.
Көрменің
кәсіпкерлері мен келушілеріне “Электронды Үкімет”
құрамдас бөлігі ретінде “Электронды кеден”
бағдарламасы, сондай-ақ Кедендік бақылау комитетінің
корпоративті теледидарының жұмыс фрагменті көрсетілетін
болады.
Энергия ресурстарын кедендік ресімдеуге арналған
бөлімінде көрермендер мұнай, газ және электр
энергияларын экспортқа тасымалдаудың негізгі бағыттарын
арнайы картадан көре алады, сондай-ақ мұнай өнімдерін
есептеу приборларының экспонатымен, энергия өнімдерін кедендік
ресімдеуді орталықтандырудың тиімділімен таныса алады.
СЭҚ
қатысушыларға кедендік шекара арқылы жүктердің
өту уақытын қысқартуға әкелетін тауарларды
алдын ала және кезеңдік декларациялаудың артықшылығын көрсететін
болады. Олар жүк кедендік декларацияларды (ЖКД) толтыру үлгілерімен
таныса алады, тікелей толғандырған мәселелері бойынша
Кедендік бақылау комитетінің веб-сайтына шығуға
және оған жауап алуға мүмкіндіктері болады.
Көрмеде кеденшілер өзінің фискалды функцияларын жүзеге
асыру мәселелері де орын алған. Көрмеде Қазақстан
Республикасының кедендік аумағына әкелінетін негізгі
тауарларға ақпараттардың ресми көздері де көрсетілетін
болады. Олардың арасында Ресей Федерациясынан келетін тауарларға “Superchwake” автокаталогі,
“Баға ақпараты” бюллетеньі, тамақ өнімдерінің
және тұрмыстық электр, компьютерлік техникалар және
күрделі техникалық жүйелер және т.б. баға
анықтамасы.
Келушілерге тарифтік және тарифтік емес реттеу,
валюталық бақылауды жүзеге асыру, тәуекелді
басқаруды енгізу бойынша кеден органдарының қолданған
шаралары туралы айтып беріледі. Осы жерде СЭҚ адал ниетті
қатысушылар қатарында олардың кедендік шекара арқылы
өтуі кезінде “жасыл коридорды” пайдалануға мүмкіндік беретін
сертификаттар табыс етілетін болады.
Көрмеде тауарлардың қауіпсіздігі мен тез
өтуін қамтамасыз ету, күдікті және контрабандалық
тауарларға, есірткілерге тосқауыл қою мәселелері де
өз орнын табады. Қазақстан Республикасынан әкетуге
әрекет еткен құралдар мен заттар, мәдени, әдеби
және тарихи құндылықтар, ішіне есірткі салынған
заттар көрсетілетін болады.
Бөлімдердің
бірінде тауарлардың уақытылы кедендік тазалауға
мүмкіндік беретін кеден маңындағы
инфрақұрылымдарға (УСҚ, УСО, брокерлік және т.б.)
арналады.
Көрмеге
қатысушыларға еліміздің кеден қызметінің
халықаралық қызметінде соңғы жылы
халықаралық кедендік қауымдастықта кімнің
беделінің өскенін көрсететін болады. Бұған Алматы
қаласында Еуропалық аймақтың Дүниежүзілік
кеден ұйымының (ДКҰ) ІІ конференциясының өтуі,
ДКҰ Саяси Комитетіне Қазақстанды сайлауы куә.
Стенттерде
кадр саясатын жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес жөніндегі кеден
органдарының қызметі көрсетілетін болады. Келушілер Ар-ождан
кодексімен, кеден органдарының Декларациясымен, бөлімше
қызметкерлерінің сапалы және кәсіби деңгейімен
танысады.
Соңғы
уақытта кеден органы мен бизнес құрылымдарының арасында
сенім қалыптаса бастады. “Кеден бизнес қамқоршысы”
республикалық акциясы өткізілді, “Айқын кеден –
инвестициялық климатты жақсарту жолы” акциясы басталды. Кеденшілер
СЭҚ қатысушылармен өзара қарым-қатынас
шеңберін кеңейтуге және олармен арадағы өзара
сенімді нығайтуға бар мүмкіндікті жасауда.
Осыған
“Кеден-2005”
форумның көрмесі бағытталды және өткізілді.
Барлық
алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарын
көрмеге шақырамыз. Біз Сіздермен ынтымақтастыққа
дайынбыз және Кедендік бақылау комитетінің
қызметкерлерінен бірніші кездесуден-ақ Өздеріңзге
қажетті ақпараттарды аласыздар деп үміттенеміз. “Кеден-2005” көрмесіне
келіңіз, Сіз өкінбейсіз.