БАҚ
ҮШІН АҚПАРАТ
«Тәуекелділікті
бағалау мен басқару негізіндегі кедендік бақылау:
қолдану тәжірибесі
мен даму бағыттары»
(Астана қаласы, 10-11
наурыз 2005 жыл)
10-11 наурызда Астана
қаласында «Тәуекелділікті бағалау мен басқару
негізіндегі кедендік бақылау: қолдану тәжірибесі мен даму
бағыттары» атты семинар-кеңес өтеді. Семинарды
Бүкіләлемдік Банктің қолдауымен Еуразиялық
экономикалық қауымдастықтың Интеграция комитеті
ұйымдастырып отыр.
Семинар жумысына ЕурАзЭҚ-ның бесм емлекетінің кедендік
қызметтерінің сарапшылары қатысады: Беларусь Республикасы,
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей
Федерациясы және Тәжікстан Республикасы. Сондай-ақ, семинар
жумысына қатысуға ЮСАИД, Азиялық Даму Банксі және т.б.
халықаралық ұйымдардың өкілдері мен Қазақстан
Республикасы Қаржы полициясы Академиясының профессорлары
шақырылды.
Бұл
Бүкіләлемдік Банктің қоолдауымен Еуразиялық
экономикалық қауымдастық өткізіп отырған кедендік
бақылау жағдайындағы тәуекелділікті басқару
мәсеселеріне арналған екінші семинар. Өткізілмек семинарда
тәуекелділіктібасқаруды іс жүзінде қолданысқа
енгізу тақырыбы кеңінен талқыланады.
Себебі, бүгінгі танда бүкіл
әлемде негізгі өзекті мәселенің бірі кедендік
бақылаудың тиімділігін әлсіретпей-ақ сыртқы
сауданы дамыту болып саланады.
Тәуекелділікті
басқаруға негізделген кедендік әкімшіліктің амалдарын
дамыту кедендік саясаттың тиімділгін арттырудың басты шарты болып
табылады.
Семинар ЕурАзЭҚ
мемлекеттерінің кедендік қызметтерінің өкілдеріне
нақты пайдалы кеңестер беретіне сенім мол, өйткені,
тәуекелділікті бағалау мен басқару жүйесін енгізу
Халықаралық кеден тәртібін жеңілдету мен
үйлестіру конвенциясы (Киот конвенциясы) ережелеріне негізделген кедендік
саясаттағы жаңа көзқарастың ең басты шарты
болып есептеледі; сондай-ақ, Еуразиялық қауымдастық
үшін шскерлік райын қалыптастыру, ЕуразЭҚ мемлекеттері мен
Орта-азиялық аймақтағы елдердің сыртқы
экономикалық қатынастарына оңтайлы жағдай
туғызудың аса маңызды қадамы болмақ.
Кедендік бақылау барысындағы
тәуекелділікті басқару мәселелері жөнінде
халықаралық ұйымдар сарапшылары өз
іс-тәжірибелерін ортаға салады.
Семинар жұмысына
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Бас
хатшысының орынбасары С.Д.Пірімбетов қатысады.
Семинардың басталуы – 2005 жылғы 10
наурыз, сағат 10-00
Өткізу орны – «Есіл” қонақ
үйінің конференц-залы
ЕурАзЭҚ Баспасөз
қызметі