Статистика посещений

 
 
   На предыдущую страницу




























Қару-жарақ контрабандасының белгілері

Қару-жарақ контрабандасының белгілері.

 

 

     Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті қызметкерлерінің кезекті шұғыл-іздестіру шараларының кезінде, Байқоңырдан Москва облысының Королев қаласына бағыт алған арнаулы вагонға тиелген жәшіктер кеденшілердің назарын аударды. Себебі, жүкке тиісті толтырылған құжаттарда жәшіктер «қайтарылуға арналған бос жәшіктер» деп көрсетілген. Алайда олар бос болмай шықты.

     Тексеру барысында 24 жәшікке толтырылған «Энергия-Буран» тақырыбы бойынша жабдықтар, яғни өлшегіш құралдары болып шықты. Заттай айғақ ретінде тәркіленген бұл тауардың қатарында түрлі маркадағы акселерометрлер (өлшеу құралдары) табылған. ҚР Қылмыстық Кодексіне сілтеме жасасақ (250 бабы, 1 бөлімі) бұл құралдар қару түріне жатады.

     Қазақстан және Ресей Үкіметтерінің арасындағы Байқоңыр кешенін жалға беру туралы Келісім негізінде, 1991 жылдың 31 тамызына «Байқоңыр» кешенінің территориясында болған барлық нысандар (объектілер) мен мүліктер Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады. Ал жоғарыда аталған тауарларды Ресейге, Королев қаласына жөнелту үшін вагонға тиеуге нұсқау берген Байқоңыр қаласының космос орталығының бір басшысы болып шықты. Ол, әрине, Ресей азаматы.

     Бұл Ресей азаматының әрекетінен кеденшілер, қолданыстағы затты заңсыз алу немесе оларды заңсыз құжат негізінде контрабандалық жолмен жөнелту белгілерін тауып отыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

 

Департаменттің баспасөз қызметі

 

     


"Кеден-2005" форумның бірінші халықаралық көрмесі
Жалғасы...
2005-10-21 19:08:21

Беларусь Республикасының аумағына әкелінетін картоп крахмалына маусымдық бажды белгілеу туралы.
Жалғасы...
2005-10-20 10:08:25

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті жанындағы Консультативтік кеңестің кеден саясаты жөніндегі отырысы
Жалғасы...
2005-09-29 17:10:41

"Айқын кеден - инвестициялық климатты жақсарту жолы" Республикалық акция
Жалғасы...
2005-09-27 16:04:18

Қазақстан Республикасы кеден органдарының 2004 жылдың 8 айы ішіндегі қызметінің қорытындылары туралы ақпарат
Жалғасы...
2005-09-08 10:40:48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Жалғасы...
2005-09-07 19:34:16

Брюссельдегі сессия жайында ақпарат...
Жалғасы...
2005-06-28 12:15:19

2005 жылғы 27-28 мамыр күндері Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаментінің негізінде кедендік ресімдеу және бақылауларды жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық семинар өткізілді.
Жалғасы...
2005-05-29 16:54:17

Ешкімде ұмытылмайды, еш нәрседе ұмытылмайды
Жалғасы...
2005-04-13 10:59:27

Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің "Қызылорда станциясы" кеден бекетінің және контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кезекті шұғыл-іздестіру шаралары кезінде №5 "Ташкент-Мәскеу" поезынан есірткі тасымалдаушысын ұстады.
Жалғасы...
2005-04-12 11:05:52

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің жанындағы Кеден саясаты жөніндегі Консультативтік кеңестің отырысы туралы
Жалғасы...
2005-03-29 20:05:14

Қару-жарақ контрабандасының белгілері
Жалғасы...
2005-03-28 19:57:13

Тәуекелділікті бағалау мен басқару негізіндегі кедендік бақылау: қолдану тәжірибесі мен даму бағыттары
Жалғасы...
2005-03-10 11:14:51

Кеден қызметі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауын іс-жүзінде іске асыру
Жалғасы...
2005-03-09 19:00:55